Жаңалықтар мен оқиғалар
"ШАШУЛЫҚ" КҮЙШІЛЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

"Шашу" халықтық отбасылық ансамблінің күйшілері, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің білім алушысы Данияр Нұртазин (19 жас), А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушысы Батыр Мұханбетсағыров (15 жас) l республикалық "Ғажайып сырлы домбыра үні" күйшілер байқауының бас жүлдегерлері атанды.
Жетекшісі - "Күйшілер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, белгілі күйші, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері әрі оқытушы Талап Хамзин