Жаңалықтар мен оқиғалар
МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БИ ҰЖЫМЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ

Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде "Алтынзер" халықтық би ансамблінің есеп беру концерті өтті. Жетекшісі – Ләззат Самбетова.
«Алтынзер» би ансамблі осыдан 21 жыл жыл бұрын Мұғалжар аудандық мәдениет үйі жанынан құрылды. Бүгінде 6-16 жас аралығындағы 100-ден аса жас бишілер би әлемінің қыр-сырын үйренуде. Би ұжымы еліміздің түкпір-түкпірінде және онлайн режимде Италия елінде өткен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Екі жарым сағатқа созылған кеш барысында ұлттық, эстрадалық, заманауи жанрда және жаңа бірнеше би сахналанды. Көрермендер дарынды бишілердің өнеріне тәнті болды.
Ауданда ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік жобалар мен концерттер «Алтынзерсіз» өткен емес. Оған би ұжымының алған құттықтау хаттары мен марапаттары куә. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің директоры Алмат Сматов би ансамблінің көркемдік жетекшісі Ләззат Самбетоваға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Абдоллақызының Алғыс хатын табыстады.
Өңір мәдениеті мен өнерінің өрлеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан «Алтынзер» би ансамблі қол жеткен табыстарымен шектелмей, өзінің қайталанбайтын шығармашылық ізін жалғастырып, сүйікті көрерменін әлі талай жетістіктерімен қуантары анық.