Жаңалықтар мен оқиғалар
Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының алқа отырысы

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алқа жиыны өтті. Бұған облыстағы мәдениет, өнер, архив және музей, кітапхана саласының қызметкерлері қатысты. Басқарма басшысы Алтынай Юнисқызы "Ақтөбе облысының мәдениет, өнер және архив мекемелерінің 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы" қорытындылап, биылғы міндеттер туралы баяндады.
Түстен кейін облыстық халық шығармашылығы орталығында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Демешова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен аудандық мәдениет үйлерінің директорлары қатысқан секциялық отырыс өтті.
Басқосуда ауыл мәдениетін дамытуға және қоладуға бағытталған мәселелерге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Соның ішінде мәдени-демалыс ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандардың біліктілігін арттыру, тұрғындардың талғамынан шығатын креативті жобалар мен іс-шараларды енгізудің нақты бағыттары мен бағдары туралы өзекті ойды ортаға салып, шешімін бірлесе іздеп, талқылады.