Жаңалықтар мен оқиғалар
Т.АХТАНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФЕСТИВАЛЬДЕ ШАЛҚАР ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ ҮЗДІК ШЫҚТЫ

Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына арналған Ақтөбеде халық театрларының «Театр – өнердің ұлы көші» атты ХІ республикалық фестивалі өтті.
11-12 сәуір күндері қала халқы мен қонақтарына театр думанын сыйлаған өнер мерекесін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.
Театр десе ішкен асын жерге қоятын талғампаз көрермен екі күн қатарынан еліміздің 8 өңірінен келген 10 халық тетарлары ұсынған драматург Т.Ахтановтың үздік қойылымдарын тамашалады.
Халық театрларының қойылымдары талғампаз көрермен мен кәсіби мамандардың бағасын алды.
Екі күндік «Театр – өнердің ұлы көші» халық театрларының республикалық фестивалі қорытындыланды.
Құрамында театр саласының мамандарынан құралған сарапшылар алқасының шешімімен үздік халық тетарлары мен актерлерінің жұмысы арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен фестиваль қорытындысы бойынша «Тахауи Ахтанов» аталымындағы бас жүлдеге Сары Батақұлы атындағы Шалқар аудандық мәдениет үйінің халық театры лайық деп танылды. Режиссері — ҚР Мәдениет саласының үздігі Айгүл Муытова. Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндердің тәтті дәмі» спектаклін сахналаған жеңімпаздарға диплом, арнайы мүсін мен 500 мың теңге табысталды.
«Арыстанның сыбағасы» драмасын қойған Жетісу облысы Ақсу аудандық мәдениет үйі халық театрының режиссері Арда Елубаева «Ең үздік режиссер» атанды.
«Үздік актерлік ансамбль» атағы - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәдениет үйінің "Темірлан" халық театрына берілді. Режиссері - Перизат Баймаханова.
«Үздік ер адам бейнесі» -- Мұғалжар аудандық мәдениет үйі халық театрының актері -- Ерболат Амангелдиев. Режиссері - Айнагүл Мусина.
«Үздік әйел бейнесі» М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Дулати жастары" халық жастар театрының артисі - Айымжан Бауыржанқызы. Режиссері - ҚР мәдениет қайраткері Шолпан Айтибаева
Сондай-ақ «Үздік екінші пландағы бейне» марапаты Қарағанды облысы Шет аудандық мәдени-сауық орталығы халық театрының артисі --- Арайлым Артықбаева. Жетекшісі әрі режиссері Әсемгүл Ахметжанова.
«Үздік сахналық нұсқа» аталымы Абай облысы Ақсуат аудандық мәдениет үйінің халық театрына берілді. Режиссері - Бауыржан Төлеков.
«Үздік шынайы сомдағаны үшін» Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәдениет үйінің халық театрының артисі әрі режиссері Сандуғаш Қарсақбаева.
"Үздік сценография" Қызылорда облысы Шиелі аудандық Б. Қабылұлы атындағы мәдени-шығармашылық орталығының халық театры. Режиссері әрі жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Зульфия Шалабаева.
«Үміт» аталымы БҚО Бөрлі аудандық демалу орталығының халық театрына бұйырды. Жетекшісі әрі режиссері Әсел Молдағалиева.
Екі күн бойы Ақтөбе төрін думанға бөлеген театр мерекесі осылайша өз мәресіне жетті. Бізді қуантқаны – халық тетарларының қойылымдары көрермендер арасында резонанс тудырып, аншлагпен өткені еді.