Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Гүлнар Сейталина және әдіскері Диана Елубаева Қарғалы аудандық мәдениет үйіне әдістемелік көмекке бағытталған кездесу өткізді.
Басқосуда ауыл клубтарын дамыту мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жұмыстың жаңа бағыттарын игеру, заманауи форматтағы іс-шаралар, сондай-ақ үйірмелерге ауыл тұрғындарының басым көпшілігін белсенді қатыстыру мәселесіне көңіл бөлуге қатысты айтылған және көрсетілген презентациялық материалдарды әріптестеріміз іс жүзінде әдістеме ретінде пайдаланады деген сенім мол.
Қарғалы аудандық мәдениет үйіне қарасты 1 саңыраулыр қоғамының клубы және 8 ауылдық клуб бар, онда 18 шығармашылық қызметкер еңбек етеді. Ал аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрсұлтан Бекмұратов бастаған ұжымда жас мамандар жұмыс істейді. Оның ішінде үш қызметкер «Дипломмен – ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы бойынша бір реттік көтерме жәрдемақымен және баспанамен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда 62 үйірме мен көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істеуде.
«Театр – киім ілгіштен» басталады дегендей, ауыл мәдениеті де клубтан бас¬талатыны айғақ. Осыған орай ауылдық клубтарының жұмысын атап өту орынды. Атап айтсақ, Жосалы ауылдық клубы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін арттыруға негізделген қызықты жобаларын жүзеге асыруда. Ауылдағы клубта 150 орындық көрермендер залы, кітапхана, музей, спорт бөлмесі бар. Сондай-ақ түрлі бағыттағы үйірмелер де жұмыс істейді.