Жаңалықтар мен оқиғалар
БҮГІН ЖЫРШЫ ӨМІРХАН ЖЕТЕСОВТІҢ ТУҒАН КҮНІ

Әріптесіміз, жыршы, «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, «Алаш арыстарының ізін жалғастырушы» төсбелгісінің иегері Өмірхан Жетесовті 55 жасқа толған күнімен құттықтаймыз.
Өнерлі, көпбалалы отбасының иесі Өмірхан Жетесов — жыршы. Республикалық байқауларда Ақтөбе облысының намысын қорғап келе жатқан өнерпаз.
Өмірхан Жетесов зайыбы Амангүл Жаналыпқызымен өздерінің балаларынан бөлек, 18 ұл-қызды бауырына басып (өзге ұлттардан да бар), ұлттық тәрбиеге, өнерге баулып отырған үлгілі отбасы.
Өмірхан Нариманұлы балаларының жан-жақты дамуына көп көңіл бөліп, бар уақытын балаларына арнайды. Ұл-қыздарын музыкалық аспаптардан басқа, спортқа, бау-бақшаға, аңшылық пен балық аулауға баулиды.
Бүгінгі туған күн иесі – Өмірхан Нариманұлы әке деген қасиетті де қадірлі атқа лайық жан. «Әке – асқар тау» дегендей, өз өнерімен танымал болған еңбекқор әріптесіміз әр баласы үшін үлгі болып қана қоймай, оларға қол¬дау көрсетіп, игі істерімен де өнеге.
Батыр отбасының қамқоршысы және тірегі Өмірхан Нариманұлына денсаулық, Амангүл ханыммен балаларыңыздың қызығын көріп, өнердің биік шыңы¬на шығару жолындағы еңбегіңіз өрлей берсін.