Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Батаменен ел көгерер» облыстық байқауының ақпараты

«Батаменен ел көгерер» облыстық байқауының ақпараты
          20 наурыз — облыста «Бата күні» болып белгіленді. Осы орайда облыстық халық шығармашылығы орталығы өңірдегі ардагерлер кеңесімен бірлесе «Батаменен ел көгерер» байқауын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып, биыл да өткізді.
          Бата беру дәстүрін насихаттау, жас ұрпақтың бойына аталы сөздерді сіңіру мақсатында өткен батагөй қариялар байқауын облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрания Аймағанбетов пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова  Наурыз мейрамымен құттықтап, ашты.
          Облыстық байқауға қалалық және аудандық байқаулардан үздік деп танылған 65-82 жас аралығындағы 14 қария қатысты.
Батагөй қариялардың өнерін еліміздің театр саласының дамуына үлес қосқан сала ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мағзом Бақытжанов, Ақтөбе қаласы Астана ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрхан Ақниязов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Әбиева бастаған қазылар алқасы бағалады.
          Бас жүлдені Марат Қабижанов (Ақтөбе қаласы) жеңіп алды. Бірінші орынды Тілеген Алданаев (Ойыл ауданы) иеленді. Екінші орынға Демеубай Жолымбетов (Ақтөбе қаласы) пен Аққайыр Оразбаев (Шалқар ауданы) ие болды. Үшінші орын Аманжол Ахметов (Алға ауданы), Қорғанбай Даужанов (Мұғалжар ауданы), Сергей Қазиевқа (Темір ауданы) бұйырды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
          Байқауда «Ер Едіге» жыр мектебінің жас жыршылары Сұлтан Қарағұл, Әмина Қанатқызы, Дария Жұмағұлова өнер көрсетті.