Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА АЛЬБИНА САБЫРОВА БАС ЖҮЛДЕНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА АЛЬБИНА САБЫРОВА БАС ЖҮЛДЕНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
> АКТӨБЕ ОХШО: ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА АЛЬБИНА САБЫРОВА БАС ЖҮЛДЕНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

23-24 ақпан күндері Ақтөбе қаласында өткен «Қобыланды деген ері бар» республикалық жыршылар байқауы мәреге жетіп, бас жүлде Альбина Сабыроваға бұйырды (Батыс Қазақстан облысы).

Бәйге өңірдегі жарқын мәдени оқиға ғана болып қоймай, өрімдей өнерпаздардың талайына үміттің сәулесіндей шуақ сезім сыйлады.

Байқаудың құрылтайшысы – Ақтөбе облысының әкімдігі болса, оны ұйымдастыруды жүзеге асырған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы.

Қазылар алқасының құрамында мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, жырау-жыршылар, тіл саласының мамандары болды. Ал қазылар алқасына белгілі жырау, Наурызбек жыраудың шәкірті Өсербай Сәрсенбаев төрағалық етті.

Жыр бәйгесіне 16-40 жас аралығындағы 17 үміткерден өтінім түскен болатын.

Қазылар алқасының баға­лауы­мен бас жүлдеге ие болған Альбина Сабыроваға 700 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

І орын ақтөбелік Сымбат Жомартованың еншісіне тиді (400 мың теңге). ІІ орынды Жамбылдан келген Бекарыс Көштаев, ақтөбеліктер Бақыт Арыстанғалиева мен Дильназ Қуаныш бөлісті (әрқайсысына 300 мың теңге). ІІІ орын Нұрайым Ерталапқызы (Қарағанды облысы), Аружан Ерімова (Алматы қ.) мен Самал Медеубаеваға (Ақтөбе облысы) бұйырды (әрқайсысына 200 мың теңге).

Арнайы номинация иегерлері:
-"Ақтөбе облысы әкімінің" жүлдесі Ғани Қайроллаев (Ақтөбе облысы);
- "Қобыланды батыр" атындағы жүлде
Абдуррахман Естайұлы (Астана қ.);
- "Жас жыршы" Жанерке Құттығай (Ақтөбе облысы.).
Арнайы жүлде иелеріне 150 мың теңге, ал қатысқандары үшін жыршыларға 100 мың теңге берілді.

Сондай-ақ Павлодар облысынан келген Жігер Бөкенге "Ер Едіге" жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин жеке өз атынан ат мінгізді. >