Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН ЖЫР КЕШІ

НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН ЖЫР КЕШІ
         Биыл облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан ашылған "Ер Едіге" жыр мектебіне екі жыл толды.
Осыған орай "Ер Едіге" жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин шәкірттерімен бірге жырдан шашу шашты. Кешті жыршы, республикалық байқаулардың лауреаты Жеңіс Елемесов жүргізді. Көрерменнің жас жыршылардың өнеріне деген ықыласы ерекше болды.
         Жыр кештері өткен жылы да, биыл да жарасымды жалғасын тауып, өз тыңдарманын, көрерменін қалыптастырып үлгергендей. Жыршылардың жас және орта буын өкілдері халық ақын-жырауларының терме-толғауларын, қисса, дастандарын жырлап, кеш салтанатын асырды. Кештің мәнді де мағыналы өту­іне және өңі­рде жыршылық мектебін жаң­­ғыртуға үлес қосып отырған Әділбек Мұхитоллаұлының еңбеі зор