Жаңалықтар мен оқиғалар
АУЫЛДА БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылдық клубында Балалар жылының қорытындысына сай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Әр сала бойынша үздіктерді марапаттайтын шараға ауыл тұрғындары белсене қатысты.
Шара барысында облыс және аудан көлемінде ұйымдастырылған байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орын алған балалар 8 аталымдар бойынша марапатталды. Үздіктерге Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анар Әбенованың, ал жетекшілеріне аудан әкімінің орынбасары Н.Нажмадиновтың құрмет грамоталары табысталды. Атап айтсақ, "Жыл жыршысы", "Жыл чемпионы", " Жыл үздігі", "Үздік актер", "Жыл палуаны", "Жыл гроссмейстері", "Жыл дауысы", т.б. номинациялары бойынша арнайы мүсіншелер берілді.
Шараға қолдау көрсетіп, демеушілік үлесін қосқан ата-аналар және "Шаңырақ" шеберханасының иесі Нұрлыбек Енсепбаевқа алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырушылар: Ақкөл ауылдық клубының меңгерушісі Б.Дауылбаева, әдіскері С.Аймұханбетов