Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АҚТӨБЕДЕ КОМПОЗИТОР МАҚСЫМ МЕНКЕШОВТІҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ КОМПОЗИТОР МАҚСЫМ МЕНКЕШОВТІҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
          Композитор, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Мақсым Менкешовтің 75 жылдығына арналған «Ерлердің ісі бітер ме...» атты шығармашылық кеші өтті.
         Кешті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Халық шығармашылығы орталығы мен "Ақтөбе әуендері" жергілікті композиторлар бірлестігі өткізді. Концерт Мақсым Менкешовтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильммен басталды.
         Мақсым Менкешов Атырау облысының тумасы. Композитор – 70 жылдары ақтөбелік өнерсүйер қауымның көңілінен шыққан «Балауса» вокалды аспаптық және "Қарлығаш" қыздар ансамблін құрып, жетекшілік етті. Сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарында ұстаз болды.
        Өнер иесінің "Анама хат", "Балауса" әндері композитордың ерекше туындыларына айналып, оның есімін әйгілі етті.
         Мерейтой иесіне аймақ басшысының орынбасары Бұлбұл Елеусінованың атынан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім жетекшісі Назимат Демешова, сондай-ақ "Ардагерлер ұйымы" РҚБ облыстық филиалының орынбасары Құрания Аймағанбетов және Қазақ-орыс халықаралық университетінің проректоры Бақытгүл Зұлқайнарова құттықтап, композитордың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
         Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Карабасованың жылы лебізге толы Алғыс хатын Кәсіби-шығармашылық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Ақжігітова табыстады.
         Сахна шымылдығы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Әбілқайыр хан», «Ерлердің ісі», «Сұлтан Бейбарыс» аспаптық поэмаларымен ашылды. Оркестрдің Бас дирижері, ҚР мәдениет саласының үздігі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Мадина Қабижанова. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі ұстаз Марат Әйтімов, халықаралық республикалық байқаулардың лауреаттары Манзура Сапарова, Сейсен Айтжанов, Бағдат Балмағамбетова, Айбат Мақашов, т.б., композитордың «Өлең, мен сені аялап өтем», «Ұстаз тілегі», «Немере» және көптеген әндерін нақышына келтіре шырқады.
         Композитордың кешін жүргізген, сценарий авторы - ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор Орал-Қосай Байсеңгір.
         Жаныңды жадыратар әндері көп­шілікке жақсы әсер сыйлаған композитор Мақсым Менкешұлына ұзақ ғұмыр, денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасына амандық, жүрек қылын шертетін туындыларыңыздың қатары көбейіп, өнерсүйер қауымды қуанта беруіңізге тілектеспіз.