Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫ

Қымбатты әріптесіміз, қойма меңгерушісі Алма Бақытбайқызы Бекжанованы
құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтаймыз.
Алма Бақытбайқызы – жаны жайсаң, мейірімді, жайдары да кішіпейіл, ақкөңіл жан. Қай шаруаға болса да енжар қарамайды, ескерусіз қалдырмайды. Жауапкершілігі мол, жұмысына ұқыпты қарайтын Алма Бақытбайқызымен мақтанамыз.
Мерейтой иесі жан-жағына сыйлы, үйде аяулы жар, ана, әже. Алма Бақытбайқызы отбасында үш бала тәрбиелеп өсіріп келеді. Бүгінде екі қызы тұрмыс құрған, ал баласы білімін жетілдіруде. Осының барлығы жолдасы Киікбай мырзамен берген тәлімді тәрбиенің жемісі.
Құрметті Алма Бақытбайқызы!
Сізді мерейтойыңызбен құттықтай келе, зор денсаулық, берекелі шаңырағыңыздың мерейі үстем болып, қуанышты сәттерге кенеле беріңіз.

Әріптесіміздің еңбегі ескеріліп, қала, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Жүсіп Баласағұнның: «Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» деген екен. Ендеше, жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашқан Алма Бақытбайқызы құрметке лайық, еңбекқорлығы жастарға үлгі.