Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АҚТӨБЕДЕГІ АЙТЫСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ РҮСТЕМ ҚАЙЫРТАЙҒА БҰЙЫРДЫ

АҚТӨБЕДЕГІ АЙТЫСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ РҮСТЕМ ҚАЙЫРТАЙҒА БҰЙЫРДЫ
          8-9 қазан күндері ту ұстап, тарлан мінген Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған шаралар аясында Ақтөбе қаласында «Еркіндік қыраны, шарықта» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
         Айтысты облыс әкімі Ералы Тоғжанов ашып берді. Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төрағалық еткенн қазылар алқасының құрамында Алтынбек Қоразбаев, Несіпбек Айтұлы, Жанарбек Әшімжан, Нұрлыбек Қалауовтар болды.
Сөз додасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.
          Еліміздің әр өңірінен келген ақындардың айтысын жұртшылық екі күн бойы тамашалады. Солардың арасынан екінші кезеңге 8 ақын шығып, төрт жұп болып: Серік Қуанған (ШҚО) мен Рауан Қайдаров (Павлодар облысы), Қазырет Бердіхан (Алматы қаласы) мен Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Рүстем Қайыртай (Абай облысы) мен Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы) және Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы) мен Шалқарбай Ізбасаров (Атырау облысы) айтысты.
         Республикалық айтыста Абай облысынан келген ақын Рүстем Қайыртай бас жүлдеге ие болды. Бас жүлде иегеріне 1,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.
         Бірінші орынды павлодарлық Рауан Қайдаров (1 миллион теңге), екінші орынды алматылық Шұғайып Сезімханұлы мен  шымкенттік Біржан Байтуов (750 000 теңге)  еншілесе, үшінші орынды алматылық Қазырет Бердіхан, ақтөбелік Жұлдыз Қожабекова мен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров (500 000 теңге) өзара бөлісті. Екі арнайы жүлдені шығысқазақстандық Серік Қуанған мен Нұрбол Жауынбаев еншіледі (300 000 теңге) бұйырды.
Қалған айтыс ақындарына шабыттандыру сыйақысы (200 000 теңге) табысталды.
         Алға ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен ақтөбелік Ершат Қайболдин (200 мың теңге), "Есет Батыр ескерткіші" қоғамдық қорының арнайы жүлдесімен жамбылдық Қанат Мырзаханұлы (300 мың теңге) және Ақтөбе фермерлік орталық ассоциациясының жүлдесімен ақтөбелік Марат Ахметов марапатталды.