Облыстық халық шығармашылығы орталығы жастармен шығармашылық байланыс жасауды басты назарда ұстап келеді. Бұл игі дәстүр бүгін де жалғасын тапты. Облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері, жас маман, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория түлегі Талғат Дүйсенбаев А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылығы бөлімінің 4 курс білім алушыларымен кездесті. Білім шаңырағында өткен кездесу жастарға үлкен әсер берді.
Орталықтың жас маманы Талғат Дуйсенбаев халық шығармашылығы бөлімінің жұмыс бағытын айтып, әдістемелік жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ мәдениет саласында менеджментті тиімді пайдалану, ұйымдастыру, іс-шараларды, жобаларды өткізуде арт-менеджмент мамандығында алған білімімен бөлісті. Кездесуді колледж ұстазы Гүлжан Құсайынқызы қорытындылай келе, сыйлық табыстады. Жастар күй тартып, ән айтып, естелікке суретке түсті.