Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

КІТАПХАНА – МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ.

КІТАПХАНА – МЕНІҢ ӨМІРІМДЕ.
     Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінде «Мамандығым –мерейім» кітапхана ардагерімен кездесу кеші өтті. Кештің құрметті қонағы - Бөгетсай ауылдық кітапханасының кітап қорын сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып, осы кітапханада 40 жыл қызмет атқарған ардагер-кітапханашы - Маржан Қалиоллақызы Тоқсанбаева. Кеш барысында қатысушылар кітапхананың тарихымен танысып, кітапхана саласында 40 жыл еңбек еткен, қадірлі ана Маржан Қалиоллақызы туралы сыр шертіп, өмірбаянымен таныс болды. Кездесу кешіне арнайы шақырылған қонақтар ауыл ақсақалдары, аудандық мәдениет үйінің директоры С.Айтжанов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Н.Жолмұратқызы, ауылдық мәдениет үйінің директоры Ж.Мырзахметұлы, Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Алмасұлы т.б. қатысып, игі тілектерін айтты. Кеште жас ақындар өлеңдер оқып, аудан мен ауыл өнерпазадары кітапханашы - ұлы еңбек иесі Маржан Қалиоллақызының құрметіне жырдан шашу шашты. Кеш соңы "Кітапхана-мақтанышым " аудандық жас кітапханашылар байқауымен аяқталды.