Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖЫРШЫЛАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН КЕШ

20 шілде күні Жаңаөзен қаласындағы Кендірлі ауылдық мәдениет үйінде Наурызбек жыраудың 90 жылдығына арналған республикалық жыр кеші өтті. Аталған кешке белгілі жыршы-жыраулар, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері,
Наурызбек жыраудың шәкірттері, ұрпақтары – Өсербай Сәрсенбайұлы, Аманкелді Сәңкібайұлы, Әділбек Сарин, Абай Наурызбекұлы, Күнқожа Қайрулла, Фархад Оразов, Сәрсенбай Рахманбердиев, т.б.қатысты. Рухани шарада Наурызбек жыраудың өмірі мен шығармашылығы насихатталып, терме-толғаулары жырланды.
Әйгілі Наурызбек жырау 1932 жылы ақпан айында Қарақалпақстанда дүниеге келген.
Жыраудың әкесі Нұржаубай ХХ ғасырдың басындағы аласапыранда Ақтөбе топырағынан Қарақалпақ жеріне кеткен. Наурызбек жыраудың терме-толғаулары: «Сөз басы», «Өтеді талай қызық тіршілкте», «Келдіңдер бүгін топталып», «Домбыраны қолға алып», «Ал, жігіттер сал құлақ!», «Азамат ерді сақтасын», «Мен сқйледім жасымда», т.б.