Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖАС ЖЫРШЫЛАР КОНЦЕРТІ

Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ер Едіге» жыр мектебінің «Сөз сөйлейін бөлмелеп...» атты кезекті жыр кеші өтті. Жас жыршылардың концертіне Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, бір жыл ішінде жыр мектебінің едәуір жетістікке жеткенін көріп риза болып, болашақта бұл мектептің одан әрі жұмыс жасауына қолдау көрсетілетінін атап өтті.
«Ер Едіге» жыр мектебінде дәріс алып жүрген оқушылар бірнеше буын (жас, орта, үлкен) болып шығып, өнер көрсетті. «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі - жырау Әділбек Сарин.
2021 жылғы 16 наурызда ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінде бүгінде 40-тан астам жас жыршылар тәрбиеленуде.
Оқу ақысыз негізде өтеді.
Бір жыл ішінде «Ер Едіге» жыр мектебі облыстық және республикалық «Едіге деген ер екен», «Толғау да толғау сөздер бар» жыршылар байқауын өткізіп қана қоймай, қала мектептері мен оқу орындарында және Мәртөк, Алға аудандарында жыр кештерін ұйымдастырды.
Бүгінде «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары Шығармашылық академиясында, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде және Ақтөбе қаласындағы №78 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы мен №60 орта мектебімен меморандумға қол қойып, балаларды жыршылық өнерге баулуға арналған үйірмелер өз жұмысын жалғастыруда.
Жыр мектебін ашу арқылы жас жыршыларды тәрбиелеп қана қоймай, ел ішінен есімдері белгісіз ақын-жыраулар, олардың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді жинақтауға бағытталған экспедициялар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар жанынан жыр-терме үйірмелерін ашу мақсатында «Жыршылық өнер» деген атаумен әдістемелік құралдар дайындалып, таратылды.
Бір жыл ішінде «Ер Едіге» жыр мектебі үлкен орталыққа айналып, халқымыздың киелі жыр өнерін дәріптеп отырған жас жыршыларын қолдау мақсатында олардың жырлары жазылған жыр дискісін жарыққа шығарды.