Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Ұлтымның ұлы аспабы - домбыра

Ұлтымның ұлы аспабы - домбыра
          Ақтөбеде қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлтымның ұлы аспабы - домбыра» мәдени шарасы өтті.
          Тұңғыш Президент атындағы мәдени-демалыс саябағындағы қазақы дәстүрмен безендірілген сахнада облыстың белгілі өнер ұжымдары, дәстүрлі әншілер, жыршы-термешілер, домбыра шеберлері күй тартып, әнді әуелетті.
          Мерекелік концертте облыстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, «Шапағат» меділінің иегері, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі Амангүл Ешпанова, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин, «Әдеп» халықтық тобы, жетекшісі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Қуанышгүл Серікбаева Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.