Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"ӘДЕПТІҢ" САРЫЖАРДАҒЫ КОНЦЕРТІ

"ӘДЕПТІҢ" САРЫЖАРДАҒЫ КОНЦЕРТІ
          "Әдеп" халықтық тобының Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерті Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық мәдениет үйінде өтті. 
          Қасиетті домбыраның қоңыр үніне қосылып, ән айтқан дәстүрлі әншілер, "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегерлері Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленова әсем де әуезді әндерін бірінен соң бірін айтып, сарыжарлық тыңдармандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
          Кеш соңында сахнаның сәні болған қос аруға ауыл үлкендері бата беріп,  ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті. 
         Сондай-ақ концертте облыстық халық шығармашылығы орталығының жас мамандары Талғат Дүйсенбаев ән айтса, ал Айкенже Дусунбетова жүргізді.