Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"ШАШУДЫҢ" ОЙЫЛДАҒЫ КОНЦЕРТІ

"ШАШУДЫҢ" ОЙЫЛДАҒЫ КОНЦЕРТІ
          Ойыл ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған «Шашу»  халықтық отбасылық ансамблінің, яғни Жетесовтер әулетінің шығармашылық концерті өтті. Ансамбль жетекшісі - "Шапағат" медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Амангүл Ешпанова.
          Батыр ата-аналар Өмірхан мен Амангүл өздерінің үш баласымен қоса 18 баланы (өзге ұлттардан да бар) бауырларына басып, төл өнерімізбен сусындатып, ерекше қамқорлық пен мейірімді­лік таныта отырып, оларды музыка мен өнерге баулып отыр.
          Ансамбль мүшелері домбыра мен қобыздан басқа, қазақтың шертер, жетіген, шаңқобыз, асатаяқ, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз, тұяқтас, басқа да аспаптарында ойнайды.
          "Шашу» халықтық отбасылық ансамблі фольклорлық туындылармен қатар, халық әндерін айтып, жырларын жырлап, күйлерін тартып, қазақстандық композиторлардың шығармаларын да насихаттап келеді.
          Ойылдықтар ұлттық өнер мен отбасы құндылығын ұлықтаған «Шашу» ансамблінің өнеріне қол соғып, ризашылықтарын білдірді