Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ БӨГЕТСАЙЛЫҚ «ОР ТОЛҚЫНЫ» ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін облыстық халық шығармашылығы орталығы Елорда күні қарсаңында әріптесіміз, Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры, «Ор толқыны» ансамблінің жетекшісі Жаңаберген Токиннің отбасымен шығармашылық кездесу кешін өткізді.
Құрылғанына 20 жылдан астам уақыт болған отбасылық ансамбль құрамындағы 7 мүшесі де түгелдей осы әулеттен. Өнер ұжымының репертуары бай. Ансамбль халық әндерін және басқа композиторлардың шығар¬маларын нақышына келтіре айтады.
Мәдени кешке жастар және №6655 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.Кездесу барысында Жаңаберген Мырзахметұлы сөз алып, отбасы, балалары және шығармашылық әлемінен жан-жақты сыр қозғаса, ал кеш жүргізуші Айкенже Дусунбетова әріптесімізге қызықты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Жаңаберген Мырзахметұлы мен жары Рая ханым бес ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Олардың барлығы да еңбекте, шығармашылықпен айналысып, өмірден өз орындарын тапқан, алды балалы-шағалы. Отбасылық ансамбльдердің фестиваліне қатысуды әдетке айналдырған Мырзахметовтар ауыл-аймақты да жиі аралайды. Ауылдарды аралап ән салып, сондағы жұртшылықтың құлағының құрышын қандыратын бөгетсайлық өнерпаздармен өткен кездесу көрермендердің көңілінен шықты.
Ынтымағы жарасқан әулет, осылайша өнерді өрістетіп әрі отбасы құндылықтарын ұлықтап жүр.
Ал Жаңаберген Мырзахметұлы – 35 жылдан астам ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып, насихаттап жүрген бірден-бір тұлға. Оның табиғаты ізденімпаздыққа, сыйластыққа, сенімділікке негізделген. Әріптесіміз Жаңаберген Мырзахметұлының жұмысы мен ісі көпке үлгі.