Жаңалықтар мен оқиғалар
БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ - КЕҢҚИЯҚТЫҚ "АҚБОТА" ТЕАТРЫ

Елорданың туған күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткен Халықаралық "Топ жарған" конкурс-фестивалінде Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің "Ақбота" үлгілі қуыршақ театры Бас жүлдені жеңіп алды.
Ал ең үздік өнерпаз ұжымын дайындағаны үшін Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйінің директоры Ардақ Құбашева, "Ақбота" үлгілі қуыршақ театрының жетекшісі Әсемгүл Төрешова Құрмет грамотасымен марапатталды