Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АҚТӨБЕДЕ КӨРКЕМСӨЗ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ КӨРКЕМСӨЗ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Облыстық халық шығармашылығы орталығы Ақтөбе облысының 90 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты халық шығармашылығы фестивалін көркемсөз оқу аталымы бойынша өткізді.
Мақсат - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты көркемсөз оқу шеберлерін анықтау, оларға қолдау көрсету.
Байқауға қатысқан 6 және 25 жастан жоғары көркемсөз оқу шеберлерінің барлығы аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңім­паздары болып табылады. Шартқа сәйкес қатысушылар өңірден шыққан ақын-жазушылардың шығар­ма­­ларынан жатқа үзінді оқыды. Шығармалар Қазақстан, туған жер, тәуел­­сіздік, ана тақы­ры­п­­­та­рын қамтыды.
Сахна шымылдығын бірін­ші болып Алға ауданынан Әли Қуатжан ашты. Ол жұрт­шы­лыққа Сағадат Мұсағалиеваның «Тәуелсіздік» өлеңін оқып, жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Сол сияқты ырғыздық Қымбат Байман, қарғалылық Нұрсұлу Ерғали, мұғалжарлық Арайлым Өмірзақ, қобдалық Жанерке Жанкеева, ойылдық Інжу Исмағұлова, хромтаулық Бану Басауова, темірлік Назерке Дүрегенова, тағы бас­қалары да көр­кемсөз оқудың қыры-сырын әбден меңгеріп алғандарын аңғартты.
Облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Индира Өтеміс, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майгүл Мұзбаева төрағалық еткен қазылар алқасы әр үміткердің шығарманы таңдауына, оқу шеберлі­гіне, сахналық дайындығына, киім киісіне баса назар ауда­рды.
Осы­лайша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұл­пар» шыққан көркемсөз сайы­сында жас ерекшеліктеріне қарай  І орындарды иеленген жеңімпаздар: ырғыздық Қымбат Байман (6-12 жас),жетекшісі В.Идиятова, хромтаулық Нұрай Сейтқалиева (13-18 жас), қобдалық Айкөркем Қуандыққа  (19-25 жас) бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлд­е­герл­ерге арнайы дипломдар, ақшалай сертификаттар табыс етілді.