Жаңалықтар мен оқиғалар
АТА КӘСІП - ҰЛТ МИРАСЫ

Қобда ауданында Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген азамат, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қоғам қайраткері Алтынбек Әкімжановтың 100 жылдығына арналған "Ата кәсіп - ұлт мирасы" атты этнофестивалі өтті.
Еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін насихаттауға арналған іс-шара барысында асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытып отырған ұжымдар, үздік шопандар марапатталып, қойды қырқу, сою, көтеруден жарыстар ұйымдастырылып, қошқарлар көрмесі ұсынылды.
Сонымен қатар ақ жаулықты аналар жас келіндерге табақ тарту дәстүрінен шеберлік сағатын өткізіп, ұлттық спорт түрлерінен білектілер мен жүректілер күш сынасты.
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастырумен сүт, ет, дән, қолөнер, салт-дәстүр бағытындағы көрменің маңызы зор болып, үздіктер анықталды.
Ауданның ауылшаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы", "Ауылшаруашылығы саласының үздігі" медальдары, ал ардақты абыз ақсақалдарға "Қобда ауданының құрметті азаматы" атағы табысталды.
Бұл күні ән мен күйден шашу шашылған мерейлі мерекелік шараға келгендер ақжарма тілектерін ақтарып, Қобда жері ерекше шаттыққа кенелді.