Жаңалықтар мен оқиғалар
«Еркелей аққан Ор өзені» облыстық ретро әндер байқауы

2018 жылғы 23 тамыз күні Хромтау аудандық мәдениет үйі ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған дәстүрлі «Еркелей аққан Ор өзені» облыстық ретро әндер байқауын өткізді.
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында халықтың рухани және көркемдік-эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, ән өнерін насихаттау, жаңа талант иелерін іздеу, олардың арасында әншілік өнерінің кәсіби деңгейде көтерілуіне жол ашу.
Өнер бәйгесіне Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Алға, Қарғалы, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласынан келген 18-45 жас аралығындағы 11 өнерпаз сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешіміне сай осымен он бір жыл қатарынан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Нәтижесінде, байқаудың Бас жүлдесіне Мұғалжар ауданынан келген Даража Қоспағанбетова лайық деп танылды.
I орынға «Құстар әні», «Күнге табыну» әндерімен шыққан облыстық халық шығармашылығы орталығының жас әншісі Ақторғын Ноғаева лайық деп танылды. «Өкінбе сен», «Екі жирен» әндерін шырқаған әйтекебилік Алтынбек Шайхин II орынды иемдендi. Ал, Қарғалы ауданынан қатысқан Нұрсұлтан Бекмұратов К.Дүйсекеевтің «Өкінбе сен» және Т.Молдағалиевтың «Құстар қайтып барады» әнiмен III орынды жеңіп алды. Басқа да қатысушылар назардан тыс қалмай, түрлi аталым бойынша дипломдар мен сыйлыққа ие болды.
Өнерпаз жастар сағындырған әсем әуендерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.