Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ХАС ШЕБЕР

ХАС ШЕБЕР
          Ағашты «сөйлетіп», темірден түйін түйген белгілі шебер, ҚР Суретшілер және Қолөнершілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Ерқосай Әбілов 10 маусым күні өткен «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты облыстық халық шығармашылығы фестивалінің қолөнер аталымы бойынша қазылық еткен болатын.

         Ерқосай Әбілов — қолөнердің бір түрі ғана емес, әр түрімен айналысатын шебер. Оның қолынан шыққан бұйымдар ЮНЕСКО-ның сапа белгісіне ие болған және көз майын тауысып, өз қолымен жасаған этнографиялық бағыттағы заттары Ақтөбе облысындағы 12 аудан мен қаладағы музейлердің қорларында сақтаулы. Сондай-ақ Ерқосай Әбілов «Шеберхана» кітабының авторы. Онда қамшы, бесік, домбыра, сандык жасаудың әдістері жазылып, көрсетілген.

         Қолөнерді өміріне арқау еткен Ерқосай Әбіловтың әрбір ұлттық нағыштағы бұйымы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен сыр шертетіні анық. Шебер алдағы уақытта жойылып кеткен немес сирек кездесетін бұйымдарды жасап, Ақтөбе облысының қолөнер мүмкіндіктері туралы, өзінің қолынан шыққан жәдігерлеріне қатысты кітаптарды шығару,  т.б. тың идеялары бар екенін айтып өтті.