Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«ШАШУ» АНСАМБЛІ «ТАҢШОЛПАНДА» ҚОНАҚТА БОЛДЫ

«ШАШУ» АНСАМБЛІ «ТАҢШОЛПАНДА» ҚОНАҚТА БОЛДЫ
          Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

         «Шашу» — ұлттық өнерімізді, соның ішінде дәстүрлі әніміз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан өнер ұжымы.

         Бүгінгі күні бірнеше халықаралық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі 2004 жылы Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған. 2012 жылы ансамбль «халықтық» атағын алды. 


         Ансамбль жетекшілері Өмірхан мен Амангүл Жетесовтер — 3 баланың ата-анасы. Бұдан өзге, отбасы 18 баланы бауырына басып тәрбиелеп отыр.