Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЕЛ ІШІНЕН ШЫҚҚАН ТАЛАНТТАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ

ЕЛ ІШІНЕН ШЫҚҚАН ТАЛАНТТАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ
         Ел ішіндегі таланттардың талабын ұштайтын облыстық «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» халық шығармашылығының фестивалі басталды.
         10 маусым күні «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» халық шығармашылығы фестивалінің «Аспапта ойнау» аталымы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары өнерлерін көрсетіп, «Қолөнер» жанры бойынша көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды.
          Жыл сайын облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен өткізілетін шара облыстың 12 ауданында өтті. 
          Фестивальдің мақсаты -  «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, ел арасынан таланттарды анықтау, көркемөнерпаздар үйірмелері мен шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсету және мәдени-демалыс мекемелерінің озық тәжірибелерін насихаттау.
         Бір ай бойы, яғни әр жұма, сенбі күндері сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін Халық шығармашылығы орталығының ашық алаңында фестивальдің сегіз жанры бойынша аудандық кезеңнен өткен өнерпаздар облыстық кезеңде бақтарын сынайды. 
         Мұнымен бірге, мұнда келушілер «Вокал», «Дәстүрлі ән», «Аспапта ойнау», «Хор», «Отбасылық ансамбльдер», «Көркемсөз оқу», «Қолөнер», «Хореография» аталымдары бойынша өнер көрсеткен шараның куәгері болады.