Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖАНЕРКЕ — ЖЫРШЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

2022 жылғы 10 маусым күні Ақтөбеде өткен облыстық жыршылар байқауының бас жүлдесін А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің 2-курс студенті, 16 жастағы Жанерке Құттығай жеңіп алды.
«Толғау да толғау сөздер бар» атты жыршылар байқауы облыстық халық шығармашылығы орталығынан ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінің ұйымдастыруымен өтті. Байқауды ұйымдастыруға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау көрсетті. Оған Ақтөбе қаласынан және Қарғалы, Қобда, Шалқар, Ойыл, Хромтау аудандарынан 15 жыршы қатысты. Ал қазылар алқасы құрамында «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, ұстаздары, белгілі жырау-ақындар —Әділбек Сарин, Есентүгел Әзи, маңғыстаулық жыршы, Наурызбек жыраудың шәкірті Амангелді Сәнкібаев, жыраудың ұлы Абай Романқұлов болды.
Өнер додасы Наурызбек жыраудың балалық шағы туралы шағын сахналық қойылымынан басталды.
Байқау талабына сай алғашқы кезеңде қатысушылар Наурызбек жыраудың терме-толғауларын, ал екінші кезеңде Батақтың Сарысы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Нұрпейіс Байғанин сынды әнші-жыраулар мен халық композиторларының шығармаларын жырлады.
Қазылар алқасының шешіміне сай байқаудың бас жүлдесін А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2-курс студенті Жанерке Құттығай жеңіп алды. I орынды хромтаулық Альбина Сабырова, ал II орынды А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің тағы екі студенті (3-курс) Самал Медеубаева мен Бақыт Арыстанғалиева иеленді. III орынды қобдалық Бердібай Тойғұлиев пен шалқарлық Асылхан Дәрібаев сынды екі өнерпаз бөлісті.
Сарышолақ Боранбайұлы атындағы арнайы жүлдені ең жас жыршы Әкімжан Жеңіс, ал Нұрпейіс Байғанин атындағы жүлдеге Дария Жұмағұлова ие болды.
Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.