Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

БӨГЕТСАЙДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ!

БӨГЕТСАЙДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ!
     Қасиетті Құрбан айт мерекесі Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында да кеңінен мерекеленіп, ауылдық «Ақ-нұр» мешіті мен мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл тұрғындары арасында "Спорт-біздің досымыз" тақырыбында қол күрестен жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Ернар Серікбаев жеңімпаз атанды. Марал Манахов екінші және Нұрлыбек Әбдібаев үшінші орынды иемденді. Сайыстың жеңімпаздары сый-сияпаттарға ие болды. Жарысқа демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлер Алдамжар Алдасүгіров мен Бауыржан Кішібаев мерекеге жиналған балаларға балмұздақ таратты. Ауыл имамы Берік Жаншин ауыл ақсақалдарымен және жамағатпен бірге құрбандық шалып, құрбан еттерін жағдайы төмен отбасыларына үлестіріп берді. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектеріміз бен ізгі істерімізді және шалған құрбандықтарымызды қайырымен қабыл еткей! Әумин!