Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ
          Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне — 30 жыл. Ойылда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған  «Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің нышаны» атты салтанатты шара өтті. Алдымен мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Гимні шырқалды.
         Орталық саябақта өткен шараға аудан әкімі Асқар Қазыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
  • Мемлекеттiк рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі! Ал әр азаматтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі – өз-өзіне көрсеткен құрметінің, болашағына деген сенімінің, өлшеусіз мақтаныш сезімінің көрінісі, - деп атап өтті аудан әкімі.
         Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтатуды мақсат еткен шара одан әрі дарынды өнерпаз балалардың ән-биіне ұласып, аудан өнерпаздарының патриоттық ән-жырларымен өрілді. 
         Айта кетейік, бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мерекеге орай велошеру ұйымдастырылып, аудан жастары еліміздің туын желбіретіп, орталық көшелермен жүріп өтті.