Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
          Ақтөбеде дәулескер күйші,  белгілі қазанғаптанушы, Қазанғап күйлерін жинап-зерттеген, нотаға түсірген Сәдуақас Балмағанбетовтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Ақжелең» республикалық күйшілер байқауы басталды.
Ұйымдастырушылар — облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы.
          Күйшілердің өнерін ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-домбырашы Айтжан Тоқтаған бастаған қазылар алқасы бағалайды. 
         Байқауға еліміздің 6 өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 25 күйші қатысуда.  
         Күйшілер байқауын көрермен Шығармашылық академиясында тамашалай алады. Бүгін байқаудың бірінші кезеңі, ал ертең екінші кезеңі және сағат 16.00-де гала концерт пен марапаттау рәсімі өтеді.