Жаңалықтар мен оқиғалар
КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ, "АҚЖЕЛЕҢ"

26-27 мамырда Ақтөбеде күйші, қазанғаптанушы Сәдуақас Балмағамбетовтың 80 жылдығына арналған республикалық «Ақжелең» күйшілер байқауы өтті.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен өткізілген шараға республиканың әр өңірінен 18-45 жастағы жиырма бес күйші келді. Жас домбырашылар үшін мұндай байқауда сынға түсу — үлкен тәжірибе. Жастар байқау барысында Қазанғап, С.Балмағамбетов және олардың іздерін жалғастырушы майталман домбырашылардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылған мәліметтерге қанық болды.
Байқаудың өнерімізді ұлықтап, мәдениетімізді насихаттауда жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.
Кеше, 27 мамыр байқаудың соңғы күні жүзден жүйрік аталып, жеңімпаздардың аты-жөні белгілі болды. Ұлы Абай “Үміт үзу – қайратсыздық” деп айтқандай, барлық қатысушылар арасында “ең бастысы жүлде алу емес, бастысы қатысуда” деген ұстаным болды. Мұндай республикалық байқауға қатысудың өзі алдағы жеңіс шыңына жетудің үлкен бір қадамы, баспалдағы іспеттес.
Байқауға қатысқан барлық күйшілерге ризашылығымызды білдіреміз. Қазақтың күй өнері мен дәулескер күйшілерін қастерлеп, ұлықтауға бағытталған игі шараларда кездескенше!