Жаңалықтар мен оқиғалар
ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Ақтөбе қаласында дәулескер күйші, белгілі қазанғаптанушы Сәдуақас Балмағамбетовтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Ақжелең» республикалық күйшілер байқауы қазылар алқасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген артисі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Тұрар Әліпбаев А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің білім алушыларымен кездесті. Тағылымды басқосуға "Күйшілер одағы" РҚБ облыстық филиалының мүшелері, ұстаздар қатысты.