Жаңалықтар мен оқиғалар
МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕІРІНІҢ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Облыстық халық шығармашылығы орталығында жалпыхалықтық референдумға қатысты кездесу өтті. Кездесуде "Екі езу" сатира театрының жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нұрлыбек Хайроллаұлы Жұбатқан, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебеап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Талғат Бұрханұлы Тілеулесов арнайы сөз сөйлеп, ата Заңымызға қатысты түзетулер енгізу бұл — жаңа Қазақстан құру идеясын жүзеге асырудың нақты қадам екендігіне тоқталап отырып, 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға белсене қатысуға шақырды.
Басқосуда біздің әріптес-спикерлеріміз Жұбатқан Хайроллаұлы мен Талғат Бұрханұлы шынайы, қарапайым тілмен еліміздің болашағы үшін қажетті үлкен өзгерістер туралы ойларымен бөлісіп, Президент айтқан Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу біз үшін де, болашақ үшін де маңызды қадам екендігін атап өтті.