Жаңалықтар мен оқиғалар
«РУХАНИ ҚАЗЫНА-2022» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ «ЖАҢА КҮНДЕ» ҚОНАҚТА

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қасиетті Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жыл сайынғы мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» республикалық фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанған және Алғыс хатпен марапатталғандар:
-«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша «Ақтөбе облысы «Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» директорының м.а. Қанат Қартбаев, 1 000 000 (бір миллион) теңге;
-«Үздік ауылдық маңызы бар музей қызметкері» номинациясы бойынша Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қобда аудандық секторының» меңгерушісі Гүлбаршын Ерғалиева, 500 000 (бес жүз мың) теңге;
"Аqtóbe» телеарнасының "Жаңа күн" бағдарламасында қонақта болып, республикалық фестивальдан алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, тәжірибе алмасу, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған іс-шара туралы және өздерінің жеңістерін баяндады."Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы" - Қарғалы аудандық мәдениет үйінің қызметкері, Алғыс хат иегері Асқат Түлкібаев