Жаңалықтар мен оқиғалар
«ЕР ЕДІГЕ» ЖЫР МЕКТЕБІНІҢ БІР ЖЫЛДЫҚ КЕШІ
2022 жылғы 5 мамыр күні Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ер Едіге» жыр мектебінің «Сөз сөйлейін бөлмелеп...» атты бір жылдық есеп беру кешін өткізді. Дәстүрлі өнердің тұнығын бағалайтын, бағасын түсінетін жыр сүйер қауым жиналған концертте ата-бабадан қалған киелі жыраулық дәстүрді жандандырып, насихаттап, серік етіп жүрген ұстаздар мен жас жыршыларға ризашылықтарын білдірді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, «Ер Едіге» жыр мектебінің мақсаты - еліміздің төл өнері мен тарихын, мәдениетін насихаттау, дәріптеу, жас ұрпақтың бойына жыраулық дәстүрді сіңіре отырып, үйрету, тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру.
«Ер Едіге» жыр мектебі - өлең-жырға құмар балалар мен жастарға өткен жылдың наурыз айында өз есігін айқара ашқан болатын. Сол уақыттан бері жыршылық өнердің өлкесіне қанат қағып, халық ақындары мен жырауларының жолын қуған 40-тан астам жас ұрпақты бір арнаға біріктірді.
Жас жыршылар мектептің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин бастаған ұстаздардан бірнеше бағыт бойынша дәріс алып, өз өнерлерін дамытып келеді.
Кешке арнайы шақырылған қонақ – қазақтың атақты әнші қызы, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева өнер көрсетті.
Сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығының көрінісі – аға буын, орта және жас жыршылар ұрпағына өнерімен өлмес мұра қалдырған арқалы ақындар мен майталман жыршы-жыраулардың мұрасын жұртшылық назарына ұсынды. Әрқайсысы ақындар шығарған және жырлаған жырлардан үзінділер орындады.
Жыр кешінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова сөз сөйледі. Ол былтыр қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ашылған «Ер Едіге» жыр мектебінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ашылғандығын айтты:

-Көнеден жеткен бекзат өнер ұмыт қалдырмаудың бір жолы – оны жастарға үйрету. Бұл мектептен кешегі Асанқайғы, Шалкиіз, Нұрпейіс, Сарышолақ, Кердері, Наурызбек ақындардың мұрасын, ізін жалғайтын жас ұрпаққа үміт артамыз. Осындай үлкен үмітпен сенім артып, мектептің тізгінін ұстаған белгілі жырау Әділбек Сарин бастаған ұстаздар қауымына алғыс білдіремін. Бұл үлкен жауапкершілік. Төл өнерді жандандырып, жаңа заманға алып шығатын, өңірдің ғана емес Қазақтың атын әлемге шығаратын шәкірттер шығуына тілектеспін, - деп атап өтті.