Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚОБДАДАҒЫ «АЙҚАРАКӨЗ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІМЕН КЕЗЕДСУ

ҚОБДАДАҒЫ «АЙҚАРАКӨЗ» ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІМЕН КЕЗЕДСУ
          15 мамыр – Халықаралық отбасы күні Қобда аудандық мәдениет үйі «Айқаракөз» халықтық әжелер ансамблі мүшелерімен «Әжелер өнегесі» атты кездесу ұйымдастырды. Әжелер ән айтып қана қоймай, кездесулер мен барлық мәдени шараларға белсенді қатысады. Олар салиқалы ұрпақ өсіріп, немере сүйіп отырған әжелер. Ансамбль мүшелері отбасы құндылықтарын, қолөнер бұйымдарын, салт-дәстүрді дәріптеп, бауырсақ, құрт-ірімшік сияқты ұлт­тық тағамдарды да насихаттап, көрермендерге ауыз тигізіп, шашу шашып, тыңдаушылардың ықыластарына бөленіп келеді.