Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚОБДАДАҒЫ ФЕСТИВАЛЬДІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

Қобда аудандық мәдениет үйінде ел ішінен, әр ауылдан талантты, дарынды өнерпаздарды анықтау, төл мәдениетімізді, өнерімізді дәріптеу, көркемөнерпаздар шығармашылығын көпшілікке насихаттауға бағытталған "Мәңгілк елдің мәдени мұрасы" облыстық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті.
Фестивальдің іріктеу кезеңіне аудан бойынша 55-тен астам өнерпаз қатысып, вокал, хореография, аспаптық орындау, театр, көркемсөз, хор, дәстүрлі өнер, қолөнер номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Аудандық сында жеңімпаз болғандар енді Ақтөбе қаласында өтетін облыстық фестивальге жолдама алды.
Фестивальдің іріктеу кезеңіне аудан бойынша 55-тен астам өнерпаз қатысып, вокал, хореография, аспаптық орындау, театр, көркемсөз, хор, дәстүрлі өнер, қолөнер номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Мәдениет үйінің фойесінде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім жетекшісі Гүлнар Романова, Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Жұмағұлова бастаған қазылар алқасы олардың өнерлерін тамашалап, үздіктерді іріктеді.
Аудандық сында жеңімпаз болғандар енді Ақтөбе қаласында өтетін облыстық фестивальге жолдама алды.