Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

БАТЫРЛАР РУХЫНА АРНАЛАДЫ

БАТЫРЛАР РУХЫНА АРНАЛАДЫ
          Мұғалжарда 9 мамыр - Жеңіс "Шығыстың шоқ жұлдызы" Кеңес Одағының батырлары Әлия мен Мәншүктің монументі орналасқан алаңда әскери әндерден, майдан даласын­да шыр­қалған шығармалардан құралған патриоттық шара өтті.
          Алаңға тыл қаһармандары, еңбек ардагерлері, қала тұрғындары жиылып,  аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары, мекеме мен кәсіпорын өкілдері батырлардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
          Мерекелік шараның салтанатты бөлімі әдеби-сазды  композициямен басталып, аудан өнерпаздарының ән шашуына ұласты. Атан айтсақ,  С.Байтерековтің "Әлия", "Қазақстаным алға", "Бір ел болса" ,"Көктем вальсі", Е.Айтымбетовтің "Тамаша" т.б. әндер шырқалды.
          Әр кезде батылдық,  ерлік, қаһармандық символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болған Жеңіс мерекесі құтты болсын!