Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ
          Хромтау ауданы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет үйі Ақжар ауылында "Екі  жұлдыз-2022" ән байқауын өткізді. Ән додасында әр ауылдық округтердегі мекеме қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйі әншісінен құралған дуэттер болды.
          Әрбір жұп сайысқа барынша дайындалып, өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша  Табантал ауылының өнерпаздары Гүлжанат Кұмарғалиева мен Гүлдаурен Асқарқызының айтқан әніне көрермен ерекше ықылас танытып, олар «Екі жұлдыз" атанды. Бірінші орынды Бөгетсай ауылынан Жеткерген Токин мен Жангат Мырзабаев, екінші орынды Қопа ауылынан қатысқан Қырғызбай Тілеубаев пен Асхат Тілегенов, ал үшінші орынды ақжарлық Жасқайрат Баймұратов пен Назерке Тастемірова иеленді. 
          Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы  диплом, статуэтка және сыйлықтар табысталды.