Жаңалықтар мен оқиғалар
ОРАЛДАҒЫ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН БАСҚОСУ

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының, мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің V жылдығына арналған аймақтық семинар-практикумы өтті.
Сонымен бірге бұл басқосуда өңірлердің "Рухани қазына" фестивалі аясындағы жүзеге асырылған маңызды, озық жобалары таныстырылып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ БҚО-ның республикалық «Рухани қазына – 2022» фестиваліне жолдама алған мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлері марапатталып, төрт жыл ішінде үздік атанған жүлдегерлердің жобалары таныстырылып, соңы халықаралық би күніне арналған көркемөнерпаздар ұжымдары бишілерінің "Би салтанаты" концертіне ұласты. Батысқазақстандық, Мәулет Өтемісұлы бастаған әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Халық шығармашылығын дамыту жолындағы игі істерге бағытталған осындай басқосудың берері мол екені сөзсіз.Аймақтық семинардың жұмысына Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры Ақмарал Зейілова, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Мұхтар Ниязов, сондай-ақ БҚО-ның мәдениет және өнер ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуды Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов ашып, сөз сөйледі.