Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚАРҒАЛЫДАҒЫ "БАҚЫТТЫ БАЛА" ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ

ҚАРҒАЛЫДАҒЫ "БАҚЫТТЫ БАЛА" ВОКАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ
          Қарғалы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Бақытты бала" вокалистер байқауы өз мәресіне жетті. 25 бала қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай сынға  өнерлерін көрсетті. 
          Қазылар алқасының шешімімен 6-9 жас аралығындағы Гран-при иесі "Балауса" тобы, l орынды Ботагөз Көптілеуова, ll орынды
Дария Иманбаева, lll орынға Нұрзат Айболат ие болса, ал Мөлдір Мұрат "көрермен көзаймы" атанды.
10-14 жас аралығында Гран-при иегері Айшабибі Қарабатырова, l орын Назерке
Нұрымбет пен Айша Таяуованың дуэті, ll орынға Шамшырақ Боранбаева, lll орынды Ксения Редковолосова иеленді. Ал Амир Нұрмұханов 
 "Көрермен көзаймы" аталымын жеңіп алды.
          Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Айжарықов, облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері Талғат Дүйсенбаев, Мәдениет үйінің директоры Нұрсұлтан Бекмұратов дипломдар мен ескерткіш сыйлықтарды табыстады.