Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ӨҢІР ЖЫРШЫЛАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ӨҢІР ЖЫРШЫЛАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА
          Өңірдің музыка өнерінде аты танымал жырау, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин бастаған жас жыршылар Бақыт Арыстанғалиева, Әкімжан Алғабекұлы, Тихон Козлов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің музыка және хореография кафедрасының ұстаздар қауымы және білім алушыларымен кездесті. Университеттін Бұжыр батыр кабинетінде өткен кездесуді «Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жайнагүл Қартбаева  ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында Әділбек Сарин өңірде ұлттық өнерді асқақтату, сондай-ақ ізінен ерген талантты шәкірттерді тәрбиелеп қана қоймай, жыр көшін жалғастыратын ұрпақтың бойына жыраулық дәстүрді сіңіру бағытындағы тұшымды ойларын жеткізді.
          Тағылымы мол өткен кездесуде жыршылар жырдан шашу шашты. Ал Жайнагүл Жаншақызы жыршылардың жырын тапжылмай, ұйып тыңдаған көрермендердің атынан жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлықтарын ұсынды