Жаңалықтар мен оқиғалар
"РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2022" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

Жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Рухани қазына – 2022» фестивалі биыл да жалғасын тапты. Осыған орай фестивальдің облыстық іріктеу кезеңінің комиссия отырысы өтті. Басқосуда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Назимат Демешова, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова және облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова өңірдегі Мәдениет үйлері, клубтардан келіп түскен 35 өтінімді қарап, саралап, солардың арасынан мамандар ең үздік дегенін таңдап алды.
Облыстық сында үздік деп танылған өңірдің мәдени-демалыс ұйымары мен қызметкерлері республикалық фестивальге жолдама алды.
Облыстық сында үздік деп танылған өңірдің мәдени-демалыс ұйымары мен қызметкерлері республикалық фестивальге жолдама алды.