Жаңалықтар мен оқиғалар
ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ АЛҒАДАН БАСТАУ АЛДЫ

Облыстық халық шығармашылығы орталығының «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» фестивалінің іріктеу кезеңі Алға ауданында өтті. Іс-шараның мақсаты да айқын. Ел ішінен, әр ауылдан талантты, дарынды өнерпаздарды анықтау, төл мәдениетімізді, ұлы өнерімізді дәріптеу, көркемөнерпаздар шығармашылығын көпшілікке насихаттау.
Фестиваль аудандық және облыстық деңгейде өтеді. Екі ай бойы облыстың аудандары мен барлық ауылдарының өнерпаздары өз өнерлерін көрермен талғамына ұсынатын болады.
Сонымен «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» өз өнерлерін көрсету үшін Алға ауданы бойынша 250-ден астам өнерпаз қатысып, вокал, хореография, аспаптық орындау, театр, көркемсөз, дәстүрлі ән, қолөнер номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының және Алға аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы олардың өнерлерін тамашалап, үздіктерді іріктеді.
Мәдениет үйінің фойесінде қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Алға аудандық мәдениет үйінен бастау алған «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» фестивалі алдағы уақытта арнайы кестеге сай барлық аудандар мен Ақтөбе қаласында жалғасады. Ал аудандық байқаулар мәреге жеткеннен кейін, үздіктері облыстық кезеңге қатысады. Жеңімпаздар гала-концертте өнер көрсететін болады.