Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ТАМДЫДАҒЫ РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

ТАМДЫДАҒЫ РОЗА БАҒЛАНОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
          Алға ауданы Тамды ауылдық клубының ұйымдастыруымен КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған "Қазақтың қаһарман қызы" атты мәдени шара өтті.
          Қазақтың әйгілі әншісі Роза Бағланова –тұтас бір дәуірдің, ұлттың үні атанған біртуар тұлға. Даңқты әншінің ғасырлық тойының маңызыдылығы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанкештілігі мен қайсарлығы айтылып, насихатталды.
           Кеште Тамды ауылдық клубының ұжымы Екінші дүниежүзілік соғыста тылда еңбек еткен ардагерлерге сыйлықтар табыстаса, ал өнерпаздар күміс көмей әнші Роза Бағланованың репертуарындағы әндерді шырқады.