Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

САРЫЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЫРШЫЛАР КЕШІ

САРЫЖАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖЫРШЫЛАР КЕШІ
          Облыстық халық шығармашылығы орталығының «Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары мен жас шәкірттері Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық мәдениет үйінде жыр кешін ұйымдастырды.

          «Жыр – халықтық қазынасы» жыршылар кешін «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин бастаған республикалық жыршы-термешілер байқауының жеңімпазы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің ұстазы Жеңіс Елемесов, шәкірттері Самал Медеубаева, Бақыт Арыстанғалиева және жас жыршылар Әкімжан Алғабекұлы мен Тихон Козлов қоштаған озық орындаушылар өзіндік бояуымен әуені бар өңірімздің жырларын нақышына келтіре жеткізді.

          Жыр кешін С.Бәйішев университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, мәдениеттану ғылымдарының докторы Есентүгел Әзи жүргізіп отырды.
          Сарыжарлық көрермендердің асыл өнермен сусындатқан жыршы-жырауларға деген ықыласы ерекше болды. Өнер иелері жырдың қуатты да шуақты мақамын қалықтатып, тыңдаушыларды жырға бөледі.