Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ЫРҒЫЗДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЫРҒЫЗДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
          Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйі «Рухани жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай "Ғажайып қолөнер шеберлері әлемі» атты балалар арасында қолөнер шеберлерінің байқауын өткізді.
          Байқауға аудан көлеміндегі шебер балалар қатысып, түрлі бұйымнан жасалған қолөнерлерін көрмеге қойып, өзара бақ сынасты.
          Қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктер таңдалды. ІІІ орынды аудандық көркемсурет мектебінің оқушысы  Гүлдана Болатбекқызы иеленді. Жетекшісі – Ж.Махаева. ІІ орынға аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің оқушысы Назгүл Аралбайқызы ие болды. Жетекшісі - Сымбат Күндосқызы. І орын Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектептің оқушысы Жұмажан Асылханға бұйырды. Жетекшісі - Сақып Баубек. Ал бас жүлдені аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің оқушысы Аягөз Әділаева жеңіп алды. Жетекшісі - Сымбат Күндосқызы.
          Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйі директорының м.а. Марат Мұқашев табыстады