Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖҮРЕКТІ МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕГЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ

"Шашу" халықтық отбасылық ансамблі қаладағы жалпы орта білім беретін "Білім" мектеп-гимназиясында қонақта болды.
Кездесуде өнер ұжымы ұлттық аспаптарды насихаттап, отбасы құндылығын, бала тәрбиесіне тоқталып, сондай-ақ ән мен жырдан шашу шашты.
Кездесуде өнер ұжымы ұлттық аспаптарды насихаттап, отбасы құндылығын, бала тәрбиесіне тоқталып, сондай-ақ ән мен жырдан шашу шашты.
Өнерлі отбасының үлкен балаларының алды тұрмыс құрса, одан кейінгілері жоғары және орта оқу орындарының студенттері атанса, ал мектеп жасындағылары Қазанғап атындағы өнер мектебінің баян, қобыз, жыр т.б. кластарының оқушылары. Өз кезегінде "Білім" мектеп-гимназиясының ұжымы кеш қонақтарына рақметін айтып, алғыс хатпен марапаттады.18 ұл-қызды бауырына басқан үлкен отбасының отағасы, жыршы Өмірхан Жетесов пен отанасы, ансамбльдің жетекшісі, "Шапағат" медалінің иегері Амангүл Ешпанованың ерекшелігі – өмірде де, өнерде де бірге жүріп, балаларын тәрбиелеп, халықтың көзайымына айналғаны.